ӘНУАР РЫСБАЕВ

ӘНУАР РЫСБАЕВ

(1916-1982 жж.)

 

Нұрмахан, Берман ,Әнуар,

Құйқылжыған әні бар.

Ойын-күлкі, ән мен күй,

Өздерінен табылар.

Әлиакбар ақын.

 

Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Жастайынан ән-жырға әуестігі сондай, бала кезінен ауыл-аймақтарды аралап, жыршы-ақындармен қатар жүріп, сауық құрған. Қолына домбыра ұстап қисса-дастандарды халық арасына кеңінен таратқан. 

1934 жылы репрессия құрбанына айналған. Түрмеде Тұрмағамбет шайырмен қатар болған. Өмірінің ұзақ жылдарында шопан болып жұмыс істеген. Қызылқұм, Қарақұм мал жайылымында өткен шопандардың слетінде, түрлі тойларда жыр жырлаған.

        Жыр қорында Балқы Базардың, Тұрамағамбеттің «Рауа Бану», «Тәлім», «Шаһнама», Мұзараптың «Өмір саңлақтары», Шораяқтың  Омарының «Өмір мен өлім» және Кете Жүсіптің термелері бар.

        Шәкірттері Қуандық Бүрлібаев, Қасарбек Кәрібаевтар облысқа, республикаға белгілі жыраулар.

        1982 жылы 20 мамырда Тұрмағамбет ауылында дүниеден өтті.