ЖҮСІПОВ САБЫТ МҰЗАРАПҰЛЫ

ЖҮСІПОВ САБЫТ МҰЗАРАПҰЛЫ

(1922-1991 жж.)

 

Жосалы кентінде дүниеге келген. Ол ата дәстүрі бойынша жастайынан өнерге үйір болды. Ес білгеннен бастап атасы Кете Жүсіптің мақамымен жыр-термелер айтып, ауыл-аймаққа түгел танылып, келе-келе осы бағыттағы  ерекше дарындылығымен есімі Сыр бойына тегіс жайылды.   Сабыт  1940 жылы белгілі жырау Молдахмет Дабылұлы екеуі Қармақшы ауданында алғаш рет концерттік бригада ұйымдастырып, ауыл-аймақты, көрші аудандарды аралап, өнер көрсетті. Ұлы Отан соғысы басталғанда елін жаудан қорғауға аттанады. Бұл 1942  жылдың қаңтар айы еді. Әкелі- балалы қос өнер дүлдүлі қан майданның ортасында жүреді. Атақты Нартай Бекежановтың концерттік бриагадасының құрамында болады. Осы өнерпаз колективтен тамағы қарлығып, науқастанғаннан кейін амалсыз  қоштасады.

          Сабыт Жүсіпұлы – тума талант иесі. Ол он төрт жасынан жыр жазуға әуестенеді. Сол кездерден бері оның өлеңдері жергілікті басылым беттерінде үзбей жарияланып келеді.