ҚАЖДАНБЕК ШАҚАРОВ

ҚАЖДАНБЕК ШАҚАРОВ

(1927-1992 жж.)

 

          Қармақшы ауданы, Томарбөгет ауылында (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Ауыл мектебін бітіргеннен кейін, өз туған аулында дайындау мекемесінде көп жыл еңбек еткен. Үлкен жырау, атақты палуан, ақындығы да бар Қажданбек ел есінде әлі бар. Облыстық, аудандық малшы, егінші слетінде талай рет палуандығымен көзге түсіп, бірнеше рет жеңімпаз атанған. Жырау Қажданбектің жыр қорында Тұрмағамбет, Омар, Шегебай, Жүсіп, Мұзарап, Запа, Наурызбай ақындардың шығармалары болған.

          Жыраулығы мен палуандығы жайлы әңгімелер әлі де ел аузында. Зейнеткерлікке шыққанға дейін өмірінің соңғы кезінде сиыр баққан. Жырау Қажданбек өз туған ауылында 1992 жылы дүние салды. Балалары Бағланбек, Бағдаттар әке жолын қуып, өнерге жақын болды. Жыраудың ұрпақтары Жезқазғанда, Байқоңырда, Қызылорда облысында тұрады.