МҮТӘЛ ЗБАЙРАЕВ
(1928-1970 жж.)
Тұрмағамбет ауылы, Томарбөгет колхозында дүниеге келген.
1950 жылдары Қазалы ауыл шаруашылығы техникумын мал дәрігері мамандығын бітіріп, кейін көрші Ақжар МТС-ында ағаш ұстасы болып жұмыс істеген.
1955-1964 жылдар арасында Ленин совхозында почта меңгерушісі, кейін сол мекеменің бухгалтері қызметтерін атқарған. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей жүріп, ата дәстүрі жыраулық өнерді қоса алып жүрген. Ауыл, аудан, облыс жұртшылығы арасында өтетін мерекелерде, жиындарда өнерлерін досы Үмбетбаев Әбдіхалық екеуі халыққа паш кеткен өнерпаз. Оның жыр қорында ескі қиссалар Көрұғлы, Тұрмағамбеттің «Рауа-Бану», Шаһнамадағы «Рүстем батыр», Сам Палуан, Әбу Тәліп, Ақ құстың хикаясы, «Жаңыл қыз», Наурызбай Айтуаров ақынның «Торыбай», Әлібек Байкенов ақынның, «Ал, колхозшым, алға бас!» толғау, дастандары бар.
Мүтәл Збайраев 1970 жылы дүниеден өтеді.. Мүтәл жырау мақамды нақышына келтіріп, сөздерді анық, домбыра үнімен сәп-сәйкес айтатын, 8 буындық шығармаларды төгіп-төгіп, серлетіп орындайтын өнерпаз болды.