САХИ ШЫНТЕКОВ

САХИ ШЫНТЕКОВ

(1928-2004 жж.)

 

          Ленин атындағы совхозда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Орталау мектепті бітірген. Ұлы Отан Соғысының ардагері. Соғыстан аман-есен келгеннен кейін соғыс кезінде жазылған солдат хаттарын (өлеңмен жазылған), Сыр бойы, өзінің туған елінен шыққан шайырлардың терме, толғау, мысал-дастандарын насихаттаған өнерпаз. Мал шаруашылығында жүріп, жыршылық өнерді тастамай елдің соғыстан кейінгі еңсесін көтеруге рухани еңбегін сіңірген жыршы.

          Жыршы Сахи ақсақал өзі еңбек еткен елінде, Т.Көмекбаев атындағы ауылда қайтыс болған. Ұрпақтары Т.Көмекбаев атындағы ауылында еңбек етуде.