ӘДІРАСЫЛ ЖҰБАТҚАНОВ

ӘДІРАСЫЛ ЖҰБАТҚАНОВ

(1930-2011 жж.)

 

   Сапта тұр басқа сан жырау,

  Әбдірасыл безенген.

Разақ ақын.

 

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақбел қазіргі Ақжар ауылында дүниеге келген. Руы Кете, оның Ұлтай аталығынан. Әкесі Жұбатқан домбыра жасайтын шебер, әрі шежірешіл кісі болған. Әбдірасыл белгілі жырау Ұлтай Кете Ібәш Райымбаевтан  тәлім  алады. Әбдірасыл Сыр бойы ақын-жырауларының терме-толғау, жыр-дастандарын жатқа орындап, таңды таңға асырып жырлаған даңғайыр жыраулардың бірі болды.

 Жырау 2011 жылы Қызылорда қаласында  дүние салады.