ЖАППАР ТҰҢҒЫШБАЕВ
(1933-2011 жж.)
1933 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақбас тамы деген жерде дүниеге келген.
1963 жылы Совет Армиясының қатарына шақыртылып, 1965 жылы елге оралды.
1958-1991 жылдар аралығында Ленин атындағы шаруашылықта түрлі жұмыстар атқарып, 1991 жылы зейнет демалысына шықты.
Ж.Тұңғышбаев 1962 жылдан бастап, Сыр сүлейлерінің терме, қиссаларын насихаттап келеді. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталған.
Жаппар Тұңғышбаевтың жыр қорында Тұрмағамбет, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Ә.Егізбаевтың «Дат» дастандары, Әлиакбар Жұматаевтың «Жүз сауал», Наурызбай Айтуарұлының «Шала тас» дастандары мен қиссалары бар. Жыраудың бейнатаспаға жазылған даусы облыстық халық шығармашылығы орталығының қорында сақтаулы.
2004 жылы 22 мамырда Алматыда қаласында «Жыр керуені» бағдарламасы аясында өткен «Сыр Сүлейлерінің ізімен...» атты концертте өз өнерін көрсетті.
2006 жылы Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата кешенінде өткен «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық жыраулар фестиваліне қатысып, лауреат атанды.