ҚУАНДЫҚ БҮРЛІБАЕВ

ҚУАНДЫҚ БҮРЛІБАЕВ

(1936-1991 жж.)

 

Қ.Бүрлібаев 1936 жылы 24 мамырда бір ауылдан жүзден аса шайыр, жырау, сыр сүлейлері шыққан Ленин кеңшарында (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген.

Сыр бойына белгілі Рүстембек, Мұзарап жыраулардың мақам-саздарына сусындап өсті. Оның жыраулық өнерінің қалыптасуына С.Ақбаев, З.Рахатов, Б.Бисембаев секілді ауыл жыраулары ықпал жасады.

1972 жылдан бастап, көптеген аудандық, облыстық мәдени іс-шараларға шақырылып, ел арасына өз өнерімен таныла бастады.

1979 жылы Қызылорда облысында Қазақ ССР-нің 60 жылдық мерекесіне арналған жыраулар мен күйшілердің байқауына қатысып, ССР мәдениет министрінің грамотасын иеленді.

1986 жылы Т.Ізтілеуовтің «Сам палуан» поэмасын және Сыр сүлейлерінің бірнеше толғау, термелерін орындап, қазақтың ұлттық қорына жаздырды.

1986 жылы Ленинград қаласында Бүкілодақтық этнографиялық фестивальға қатысты.

1987 жылы Вологда облысы Великий Устюг қаласының құрылғанына 850 жыл толуына байланысты Бүкілодақтық ІІ фольклорлық фестиваліне қатысты.

1987 жылы Самарқанд қаласында Таяу және Орта шығыс халықтары дәстүрінің «Осы заманғы музыка мәдениетіндегі өнері» атты халықаралық ІІІ музыка зерттеу симпозиумына қатысып, «Көрұғлы» дастанын әр мақаммен орындады.

1987 жылы Алматы қаласында Бүкілодақтық халықтар творчествосы концертіне қатысып, лауреат атағын алды.

1988 жылы А.Машановтың қойылымымен «Қамбар батыр» дастанын орындап, фильмге түсті.

1990 жылы Жапон еліндегі Токио қаласында Дүниежүзілік фольклорлық фестиваліне қатысып, өз дауысын дүниежүзілік өнердің алтын қорына жаздырды. Осы фестивальда Американың өнер зерттеушісі Уолтер Зеф Фельдман өз еліне екінші рет шақырған еді. Өкінішке орай 1990 жылдың қазан айында өмір жібі ерте үзіліп ол елге бара алмады