ЖЫЛҚЫБАЙ БАЛШЫНОВ

ЖЫЛҚЫБАЙ БАЛШЫНОВ

 

«Жылқыбай менен Мырзабек

Домбыра алса сайрар тек...»

Нұршат Бекежанқызы.

 

1940 жылы Тұрмағамбет ауылында (бұрынғы Ленин атындағы совхозда) дүниеге келген. Сол ауылда мектеп бітірген Жылқыбай жырау совхоздың түрлі шаруашылығында еңбек етті. Оның совхоздың жұмысын істей жүріп жырау ағалары Әнуар, Берман, Мұзарап, Жаппар, Қуандықтардың ізін қуып, өлең сөзге құмарлығы, ағалары қатарлы домбыра ұстап, ойын-тойларда жыр жырлайтын дәрежеге жетті. Оның жыр қорында Жүсіп, Тұрмағамбет, Омар, Наурызбай, Мұзараптардың жырлары, әндері, дастандары, толғаулары болды.

Кейінгі кезде науқасқа шалдығып екі көзі көрмей қалсада көкірегі сайрап тұр. Өзінің де шайырлығы бар Жылқыбай жыраудың өзінің таныстыруы, Қуандыққа көңіл қос, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған терме,толғаулары бар.