БӨРІБАЙ ҚУАҢБАЕВ

БӨРІБАЙ ҚУАҢБАЕВ

(1940-2009 жж.)

 

«Зайыр мен Запа, Бөрібай

 Бұларда сөздің кені бай.

 «Ал» – десе ала жөнелген,

Қажданбек мінген торыдай.

Әлиакбар ақын.

 

Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауыл советінде туылған.

1959 жылы Қармақшы қыстағындағы механизация мектебіне түсіп, 1960 жылы бітірген. Бітіріп келгеннен кейін Ленин атындағы совхозда механизатор болып жұмыс істеген.

1963 жылы шофер болып жұмыс істеген.

1972 жылы сырттай оқып орта мектебінің толық курсын бітірген.

1970 жылы мектепте «автодело» пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

1976 жылы Алматыда курста оқып, «Преподаватель автодело» мамандығын бітірген. Содан бері №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде 1997 жылға дейін мектепте «автодело» пәнінен мұғалім болып жұмыс жасаған. Аудандық, облыстық «Құрмет грамотасын» алған. Жанұяда 5 баланы тәрбиелеп өсірген ардақты әке.

1997 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Аяқ асты өлең шығара салатын, домбырамен қосылып жыр-терме орындайтын да өнері болған.