ОРАҚ ДӘНЕКЕРОВ

ОРАҚ  ДӘНЕКЕРОВ

(1941-2001жж.)

 

 

Қармақшы ауданы, Кекірелі елдімекенінде дүниеге келген. 14-15 жасынан бастап жыр айтуға машықтанады. 16 жасынан бастап мәдениет саласында 1966 жылға дейін жұмыс істеді.

1966 жылдан бастап мал бағумен, шопандықпен айналысады.

1987 жылдан бастап аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарады.

2000 жылға дейін осы салада жұмыс жасап зейнеткерлікке шығады.

 Жыр қорына кең көлемді қисса-дастандар «Көрұғлы», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Ер  Төстік» т.б. жыр-термелер көп болған. Мәдениет саласының бүкіл қызметіне тонның ішкі бауындай араласып, жұмыс жасады. Сахналық  қойылымдарға да белсене араласты.

 1990 жылдары Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, қаламқас» тақырыбындағы қойлымында Абайдың

рөлін сомдады.