АЛШЫНБЕК СӘРСЕНБАЕВ

АЛШЫНБЕК  СӘРСЕНБАЕВ

(1941-2010 жж.)

 

Қармақшы ауданы, Ақжар елдімекенінде дүниеге келген. Сәрсенбай жыраудың бел баласы. Алшынбек жырау алғаш рет 1975 жылы халық таланттарының республикалық байқауына қатысып, лауреат атанды. Сол жылы Алшынбектің даусы дыбыс лентасына жазылып алынып,  197 жылы әкесінің мақамдарымен орындаған термелері бірнеше күйтабаққа түсіріліп, елге таратылды. Ақын Кенен Әзірбаевтың 100 жылдық мерекесіне, Талдықорған мен Қызылорда ақындарының айтысына қатысты. Великий Устюг қаласында өткен Бүкілодақтық фольклорлық фестиваліне қатысып лауреат атанды.

Жыр қорында өзінің «Сопылық жолы», «Үш жолаушы», «Алтын алма, алғыс ал» дастандары, Сәрсенбай жыраудың «Мақпал-Сегіз», «Жүсіп-Ахмет» дастандары, Базар жыраудың «Айна тарақ», Тұрмағамбеттің «Рауа бану» дастандары бар.