БЕКДӘУЛЕТ МАХАНОВ
(1946- ж.ж)
1946 жылы 10 сәуірде Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық кеңесі, Алдашбай ахун ауылы (бұрынғы Майлыөзек колхозы) дүниеге келген.
1965 жылға дейін өз туған ауылында, күрішші-механизаторлық жұмыстар істеген.
1965 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы пединституттың филология факультетінің «Ән және музыка» бөлімін бітірген.
1969 жылы жылы №29 орта мектепте (Қармақшы ауданы) мұғалім, 1969-1970 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1971-1976 жылдары жылы №29 орта мектепте мұғалім, 1976-1978 жылдар Жаңақала совхозындағы №185 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1978-1983 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, 1983-1992 жылдар арасындағы №105 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, 1992-1996 жылдары №30 орта мектепте директор, 1996-2009 жылдары №15 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, психолог қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Белгілі Махан жыраудың баласы. Әкесінің шығармалары мен мақамдарын насихаттауға үлкен үлес қосқан өнерпаз.
Жыр қорында әкелері Махан, Бекен жыраулардың, жауынгер ақын Әбзәли Егізбевтың, Тұрмағамбеттің, Разақ Мыңжановтың, Шораяқтың Омары, Шегебай, Мұзараптар шығармаларын насихаттаған, өзі орындаған жырау.
Өлеңдері облыстық, аудандық газеттерде жарияланған.