БИДАС РҮСТЕМБЕКҰЛЫ
Бидас Үрістембеков 1951 жылы 23 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
Атақты Жиенбай жыраудың немересі. Әкесі Рүстембек жыраудан тәлім алып, жыраулық дәстүрдің берік туын ұстап, атадан балаға жалғасқан мұраға иелік етті.
1970 жылы Қызылорда политехникумында аяқтап, аталған оқу орнынан Шардараға өз мамандығы бойынша жіберіледі.
1970 жыл – 1971 жылдары Ақжар ауылындағы №28 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі.
1972-1978 жылдары Ақжар ауылындағы жоғары кернеулі подстанцияда кезекші энергетик диспетчері.
1979-1982 жылдары ауылдағы мәдениет үйінің 6-шы категориялы директоры қызметін атқарды.
1982 жылы 2001 жыл аралығында Жосалы кентіне қоныс аударып №12 кәсіптік техникалық училищеде электротехника пәні оқытушысы.
1983 жылдан бастап ауданның жарықтандыру жүйесінде учаскелік мастер қызметкері.
1989 жылдан бастап аудандық білім бөліміне қарасты әуез мектебі жанынан дәстүрлі жыр бойынша жыраулық үйірме класын ашып, шәкірттер тәрбиелеуді бастады.
Бұл дәстүрлі өнер жолында шығармашылық өнер ұжымдарымен іс-тәжірибе алмаса отырып, 2007 жылы О.Шораяқұлы атындағы №30 және Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектептер базасында Алматы қаласындағы дәулескер күйші А.Райымбаев басқаратын, Ұ.Байбосынова жетекшілік ететін, «АГА-хан» халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен жұмыс жасайтын «Көкіл» мектеп-колледжінің филиалын ашты. 32 шәкірт тартылған бұл өнер мектебіне Б.Рүстембеков ұстаздық етті.
«Көшеней Рүстембекұлы» атындағы аудандық «Жыраулар үйі» директорының орынбасары қызметін атқарды.
Репертуарында «Қобыланды» жыры, «Көрұғлы» дастаны, Ш.Омарының «Сәдуақас пен Сахи» қиссасы, Жиенбайдың қиссасы «Кедей», Балқы Базардың, Жиенбайдың, Тұрмағамбеттің, Ш.Омардың т.б. ақын-жыраулардың терме- толғаулары бар.
1972 жылы Алматы қаласында өткен Ж.Жабаевтың 125 жылдық мерейтойында өнер көрсетті.
1978 жылы Москва қаласында өткен Бүкілодақтық фольклорлық байқаудың І орын иегері.
1980 жылы Ленинград қаласында өткен «Ленинград көктемі» байқауына қатысып жүлделі орынға ие болып, лауреат атанды. 1989 жылы Балқы Базардың – 150 жылдығына орай, Қармақшы ауданының жыраулық өнер экспедициясы бір ай бойына Өзбекстанның Бұқара облысының «Кенимых», «Тамды», «Үш құдық» аудандарымен осы аудандардың елді-мекендерін аралап, Сыр сүлейлерінің жырлары мен мақам-саздарын паш етеді. 1992 жылы Базар жыраудың 150 жылдық мерейтойы аясында, Қармақшы ауданында республикалық жыршы-жыраулардың (қисса-дастан жырлау бойынша) байқауы болып өтіп, онда Б.Үрістембеков «Бас жүлдені» иеленді.
1982 жылы шайыр Тұрмағамбеттің 100 жылдығына орай өткізілген республикалық жыршы-жыраулар фестивалінің лауреаты.
1997 жылы Астананың ашылу салтанатына қатысып, «Астана» медалімен марапатталды.
2007-2008 жылдары «Сыр елі – жыр елі» деп таныған жердің дәстүрлі жыраулық өнерін дамытып, кейінгіге қалдыру үшін төккен терінің еңбегіне орай облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды.
2009 жылы Қармақшы ауданының – 80 жылдық мерейтойына арналған естелік медалі табыс етілді.
Қазақстан Президентінің басым бағыттағы маңызы мыңжылдық боп саналатын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2004 жылы қаласында, 2005 жылы Астана қаласында сыр сүлейлері ізімен өткізілген «Жыр керуені» фестивалінің лауреаты.
үлкен өнері үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2010 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Шұғыла шашқан Шаһнама» тақырыбында өткен жыр-сұхбат бағдармасында
Базар Оңдасұлының -170 жылдығына арналған «Жамиғы қазақ бір туған» атты аймақтық жыршылар фестивалінде арнайы Дипломмен марапатталды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және ұлы дала сазы» фольклорлық- музыкалық өнер фестиваліне қатысқаны үшін Сертификат табысталды.
2012 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына-130 жылдығына арналған «Шұғыла шашқан Шаһнама» тақырыбындағы аймақтық байқауында Бас жүлде иегері.
2013 жылы Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Р.Нұртаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
2013 жылы Тұрымбет Салқынбайұлының- 145 жылдығына арналған «Тұрымбет-ән атасы Кіші жүздің» атты аймақтық жыршы-жыраулар фестивалінің диломанты.
2014 жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты ардагерлер шығармашылығынан көркемөнерпаздардың аудандық байқау-фестивалінде І орын, облыстық байқауда дмпломмен марапатталды.
2014 жылы «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты облыстық өнер фестивальде арнайы Дипломмен марапатталды.
2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальмен марапатталды.
2017 жылдың қорытындысымен БидасҮрістембеков «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталды.