1954 жылы Қармақшы ауданы Ленин совхозында (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Жаңадан ұйымдастырылған мал шаруашылығына сәйкестендірілген Жаңақала совхозында жүргізуші болып еңбек еткен. Жыраулық өнер анасынан дарыған.
Әбзәли Егізбаевтың, Нұрмағанбет Жанаевтың, Омар, Тұрмағамбет, Базар жыраулардың шығармаларын жаттап насихаттаушы. Мақамды бұзбай ескі жыраулар ізімен мүлтіксіз орындайды. Облыс, аудандық жыршылар сайысының бірнеше дүркін жүлдегері.
Тәйімбет Көмекбаев атындағы ауылда жеке шаруашылығының озат еңбеккері болған. 2023 жылы дүниеден өтті.