МЫРЗАБЕК СЫДЫҚОВ
«Жорға жырау Мырзабек
Руы оның Кетеден
Бәйгеге қоссаң келеді
Жорғалап шауып төтеден...»
Оразбай ақын.
1952 жылы Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. № 29 Тұрмағамбет атындағы орта мектепті бітіріп, Қармақшыдағы № 149 ауыл шаруашылығы училищесін аяқтап, өзінің туған ауылында механизатор болып, басқа да шаруашылықтың түрлі жұмыстарын істеді. Әкесі Сыдық ақсақалдың жыраулық дәстүрін жалғастырған Мырзабек кейінгі толқын жыршылар қатарына қосылды. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып жүлделерге қол жеткізді.
Жыр қорында Тұрмағамбеттің «Рауа Бану», Кете Жүсіп «Сүрмерген», «Бір қарт адам» және Сыр сүлейлері Омар Шораяқұлы, Әбзәли Егізбаевтың, Бектастың Шегебайының діни тақырыптағы шығармалары, Қарасақал Ерімбеттің терме-толғаулары бар. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында тұрады.