АЛМАСБЕК НҰРМАХАНҰЛЫ АЛМАТОВ
Тоғжанның Гөй Гөйі

АЛМАСБЕК НҰРМАХАНҰЛЫ АЛМАТОВ

13.02.1956 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Қорқыт станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келді.  "Жаңақала" с/з, №185 орта мектептің 1973 жылғы түлегі.  Еңбек жолын өз ауылында жұмысшы болып бастады. 1974-76 ж, әскери қызметін өтеді. 1977ж, "Қарақ" метеостанциясының агротехник қызметін атқарды.

 1978-1982 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының Музыка-педагогика факультетінде оқып, "Сыр сұлуы" халық ән-би ансамблінің құрамында өнер саханасына шықты. 1982-1987 жылдары Қызылорда Облыстық кәсіптік білім беру мәдениет басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығында жетекші маман қызыметін атқарып, 1987-1988 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ғылыми ізденушісі болып қабылданды. 1988-1990 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Халық әні» кафедрасын ұйымдастырушылардың бірі және алғашқы меңгерушісі болып қызымет атқарды. 1990 – 2011ж. қазан айына дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасын ұйымдастырушы және алғашқы меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2011 жылдың қазан айынан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қорқыт атындағы өнер зерттеу институтының директоры, 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасының профессоры қызметінде.

- 1994-1998 жылдары Қызылорда облыстық маслихат депутаты.

- 1998 жылы  А.Н.Алматовтың жетекші, авторлығымен 0621-«Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығы бойынша  негізгі жоғары білім беру мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, онын толық оқу – әдістемелік кешені жасалды. Ол Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет, денсаулық, спорт министрлігінің 08.05.1998 жылғы № 115 бұйрығымен бекітіліп, жоғарғы оқу орнындағы арнаулы мамандық есебінде классификаторға енгізілді. Осы мамандық бойынша 1998-1999 оқу жылына алғашқы студенттер қабылданды. 2001,2002,2004,2006 жылдары 062140 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» (түрлері бойынша) Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жетекші авторы.

Жыраулық дәстүрді насихаттау және ғылыми дәлелдеу жолында А.Н Алматов  әр кезеңдерде шетелдерге қызметтік іс-сапарларда болды. Олар:

- 1985ж. Франция, Италия, Швейцарияда өткен (Париж, Женева, Милан, Флоренция) –«Фольклорлық музыкалық турне»;

- 1985ж. Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі лауреаты. Москва.

- 1985ж. Монголия –«Азия халықтарының музыкалық симпозиум»;

- 1993ж. Франция. Парижде  «Chatelet» театрында – жеке  концерт өткізді;

- 1993ж. Голландияның Амстердам қаласында «Музыкалық фестиваль»;

- 1996ж. Америка, Висконсин, Медисон университетінде лекция- концерт;

- 1995ж. Лондонда «Елезабет - Холл» сарайында жеке концерт беріп,

- 1996ж, Его королевское высочество принц Чарльз Филипп Артур Джордж, принц Уэльскийдің қабылдауында болған, алғашқа қазақ жырауы (Британия елшілігі. Алматы);

- 2001ж. Египет. Каир, Александрия қаласында Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай өткізілген мәдениет күндеріне қатысты;

- 2003ж. Американың Нью-Йорк, Вашенгтон, Висконсин қалаларында жеке концерт беріп, Смитсонион университетінде лекция-концерт өткізді;

- 2007ж. Голландия, Белгияда өткен «Орта Азия халықтарының музыкалық фестивальдеріне» қатысып өнер көрсетті;

- 2018ж. Түркияның Болу қаласында, Кипрде өткен конференцияларда баяндама жасап, шеберлік сабақтарын жүргізді;

- 2019ж, Улан-Баторда өткен "Әлем эпосы және Жаңғыр" халықаралық конференциясында баяндама жасап, "Шыңғыснама" А.Алматов, (І том, 15 000 жол) кітабын және Сырбойы жырауларының орындауында "Шыңғыснама" СD антологиялық күйтабағын (25 сағат, "Сарыарқа" баспасы, Астана. 2016), Монғолияның "Жанғыр" жырын зерттеу орталығына конференция үстінде салтанатты жағыдайда табыстады;

- 2023ж. Египет. Каир қаласында "Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық" мерекесіне арналған Қазақстанның мәдени күнін арнау жырмен ашып берді.

А.Алматов шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмыстарын үнемі жетілдіріп отыратын білікті ұстаз. Шетелдік басылым беттерінде әр кезеңдегі ғылыми конференция, симпозиумдарда жасаған баяндамалары мен шеберлік сабақтары шетелдік мамандар тарапынан жоғары бағаланды және арнайы құжаттармен(сертификат) куәландырылып, күйтабақтары шығарылды.

Олардың қатарында:

- Орта Азия музыкасының антологиясы: А.Алматов. (Аудиодиск). -Франция: Париж. - 1985;

- MORITA Minoru. Music of the. Аудиоэнциклопедия. Жапония. Токио. - 1987. - Том- 7. (А.Алматовтың орындауында 16 шығарма енгізілді);

- "Жыр керуені"(күйтабақ) А.Алматов. - Москва: Мелодия, 1991;

- Kazakh Muzical Epic (Dis CD IV) - Сорс(АҚШ) - Қазақстан Қоры, 1995;

- Traditional Kazakh zhir pertormed dy zhirau Almas Almatov  trom Kzyl-Orda acc  on dombra in Tropentheater (Audio disk).  Amsterdam, November, 2007; т. б.

А.Н. Алматов үздіксіз ізденісінің  арқасында атақ - абройға қол жеткізді:

- Республикалық "Жігер" жастар фистивалінің лауреаты. Алматы. 1984ж.

- КСРО Композиторлар одағының Құрмет грамотасы (Москва.1985).

- Жастар мен студенттердің Бүкіл Дүние жүзілік Фестивалінің лауреаты. Москва. 1985ж

- Қазақстан ЛКЖО сыйлығының лауреаты. (№244. 27.10.1986 ж.Алматы).

- Ы. Алтынсарин атындағы медаль (№192. 1992ж.).

- Решением Комитета по высшей школе Министерства науки, высшей школы и технической политики Российской Федерации от 20.05.1993 №678-д Алматову Алмасбеку присвоено ученое звание доцента. (ДЦ № 010806) Москва 1993г.

 - ҚР Мәдениет қайраткері (№0649) 2003ж.

- ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (№00747) 05.08.2003ж.

- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (№ 4129) 08.12.2006ж.

- Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының Құрметті профессоры (№031) 28.08.2008ж.

- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальімен марапатталды. (№ 15076) 10.10.2011ж.

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 9 желтоқсанындағы Жарлығы бойынша, (№ 35857) А.Н. Алматов «Парасат» орденімен (Орден № 613) награтталды.

- Өнертану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры (Доцент) ғылыми атағы берілді (ДЦ № 0000392). 03.05.2018 ж. № 702 бұйрық. Астана қаласы.

2018 .

- Өнертану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. 2018 жылғы 27 маусымдағы № 1043 бұйрық.

ПР № 0000206

- ҚР Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі жарлығы бойынша Алматов Алмасбек Нұрмаханұлы "Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

- "Ақжарма" ауылының Құрметті азаматы.(Тереңөзек ауданы) 1993.

- Қармақшы ауданының Құрметті азаматы. Аудан әкімінің18 қазанындағы №1/2-5/1945 санды ұсынысына сай. 2011.

- Қызылорда қаласының Құрметті азаматы. 2019. (Қызылорда қаласы мәслихатының 2018 жылғы желтоқсандағы №200-33/4 шешімі негізінде. Куәлік №097)

- "NAURYZ- 2021" ТҰҢҒЫШ ҰЛТТЫҚ ПРЕМИЯСЫ.

Ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін АЛМАС АЛМАТОВ марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласы. Бейбітшілік және келісім сарайы. 

11.03.2021

- Қызылорда облысының Құрметті азаматы. 2022.

- TURKSOY MADALYASI Sayin Almas Alvat

Байланыс ақпараты: a.n.almatov@mail.ru