ҚАЖДАНБЕК ҚУАНЫШОВ

ҚАЖДАНБЕК ҚУАНЫШОВ

(1957-2013 жж.)

    Аз өмірінде артына өзіндік із қалдырған Қажданбек жырау, Сыр бойына белгілі шайыр Омар Шораяқұлының ұрпақтарының бірі болып саналады.

Қажданбек Қуанышов Қармақшы ауданы Карл Маркс колхозында (қазіргі Алдашбай ахун ауылы) дүниеге келген.

1974 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясына дәстүрлі орындаушы болып, белгілі жырау Ақмырза Тұяқбаевтың бригадасында еңбек етті.

1990 жылдары Жалағаш ауданындағы автобазада жүргізуші, т.б. қызметтер жасады. Жырау Қажданбек атасы Шораяқтың Омарының түгелге дерлік шығармаларын жырлайтын. Оның терме-толғаулары, айтыстары, дастандары Әбу Шаһма, Қара шекпен, Жарлы Тәліп, Көрұғлы дастандарының екі-үш салаларын, ескі әндер мен қоса қазақ композиторларының шығармаларын нақышына келтіре орындайтын. Қазақстанның батыс облыстары мен қоса Өзбекстанның қазақ аудандары Кенимех, Тамды, Ұшқудық аудандары, Қарақалпақ АССР-ындағы қазақ ауылдары Қажданбектің жақұт жырларынан сусындады. Оның жанұясы қазір Жалағаш ауданында тұрады. К.Қуанышов  2013 жылы 29 ақпанда дүниеден өтті.