ҚАСАРБЕК КӘРІБАЕВ
1962 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1982 жылы Алматы қаласында Т.Ізтілеуовтың 100 жылдық мерейтойында, 2004 жылы Алматыда «Сыр сүлейі – жыр керуені» атты республикалық байқауға қатысып өнер көрсеткен.
2006 жылы Қармақшы ауданында өткен К.Рүстембекұлының 60 жасқа толу мерейтойында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
2011 жылы Қызылорда қаласында өткен А.Тұяқбайұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Жыр күмбезі» атты аймақтық жыршы-термешілер конкурсының Бас жүлдегері. 2012 жылы Т.Ізтілеуовтың 130 жылдығына арналған аймақтық жыршылар конкурсының І орын иегері.
Жыршының жыр қорында «Рүстем-Дастан», «Көрұғұлы», «Рауа-Бану» шығармалары бар. 2023 жылы Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде жыраудың 60 жылдық мерей тойына орай шығармашылық жыр кеші өтті.