АМАН ШОБАНБАЕВ

АМАН ШОБАНБАЕВ

 1959 жылы 15 қаңтарда Қармақшы ауданында дүниеге келген.

1966-1976 жылдар аралығында Жаңақала совхозы (қазіргі Көмекбаев ауылы) №185 орта мектепте білім алды. Мектеп қабырғасында жүріп коркемөнерпаздар ұжымының белсенді мүшесі болды.

 1977-1979 жылдары Совет Армиясы қатарында болып, 1981-1984жылдар аралығында Қызылорда политехникумында білім алды.

 1984 жылы облыстық «Жігер» фестивалінің жүлдегері. Жастайынан жыр-терме айтуға машықтанған ол ауылдағы жыршылар Олжабай, Машарап, Серікбай, Орақ сынды кісілерден жыр айту мәнерін жалықпай үйренеді.

  1994-1995 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті «Халық әні» кафедрасында қызмет етті. Жыр қорында Сыр шайырларының терме-толғаулары, Кете Жүсіптің «Сұрмерген» хикаясы, Омар Шораяқтың «Үш күлше», «Жарлы тәліп» мысалдары бар.