АСЫЛБЕК ЗБАЙРАЕВ
1962 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин атындағы совхозда қазіргі Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген.
1970 жылы №29 Т.Ізтілеуов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1980 жылы бітіріп шықты.
1980 жылдан Тұрмағамбет шаруашылығында механизатор болып қызмет атқарған.
1996 жылы Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың 100 жылдығына арналған байқауда жүлделі ІІ орынды иемденді. Аудан, облыс көлемінде термешілер арасында белсене атсалысып жүлделі орындарға иеленіп жүрген өнерпаз. Ауыл мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.
Асылбек жырау Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Қайрама халыққа тісіңді», «Қамын ойла халқыңның», «Жаз болғаннан жадыңа ал», «Бар мен жоқ, ал мен бер» т.б терме-толғауларды халық арасында насихаттаушы. Ақын Ә.Жұматаевтың «Кетенің кемеңгерлері» атты толғауын алғаш рет үнтаспаға түсірген жыршы.