ЗАУРЕ КӘРІБАЕВА
1959 жылы 5 наурызда Қармақшы ауданы, Ленин атындағы совхоз, Карл Маркс (қазіргі Алдашбай ахун) бөлімшесінде дүниеге келген Кезінде Сыр сүлейлерінің мекені болған Тұрмағамбет ауылында Сүйінбай жырау, Жаппар, Қуандық, Берман т.б. жыраулардан мақам үйреніп, жыр жаттаған. 1987 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық фольклорлық фестиваліне қатысып, лауреат атанды.
1985 жылы облыстық ақындар айтысына және республика, облыс, аудан көлемінде өткізген барлық өнер байқауларына қатысуы З.Кәрібаеваның жыр орындау шеберлігін арттыра түсті.
2003 жылдан бастап №29 Т.Ізтілеуов атындағы орта мектеп жанынан жырау үйірмесін ашып оқушыларға терме үйрете бастады.
2004 жылы мектеп ұстаздарын ұйымдастырып фольклорлық «Балымша» тобын құрды.
Аудандық «Наурыз шапағаты» фестивалінің лауреаты атағын алып, дипломмен марапатталды.
2005 жылы аудан мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерекелік медалімен және облыс әкімінің мақтау грамотасымен, аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
2006 жылы «Өнер жылы» аясында «Тыңдашы халқым жырымды» атты шығармашылық кеші болып өтті. Қазіргі уақытта З.Кәрібаева ауылдық клуб жанынан жыр-терме үйірмесін ашып шәкірттер баулуда. Жырау З.Кәрібаева Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Балқы Базар, Дүр Оңғар сияқты Сыр сүлейлерімен жергілікті ақындар З.Дәулетбаев, Ү.Өңдібаеваның жыр-термелерін орындап, сүлейлер дәстүрін жалғастырып келуде.