ЖАРҚЫНБЕК ТҰРЫМБЕТОВ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келген.
1991жылы №105 қазақ орта мектебін бітіріп, «Жұлдыз» балабақшасында музыка жетекшісі болып еңбек жолын бастайды. Сыр сүлейлерінің бірі Тұрымбет жыраудың немересі. Белгілі жыраулар Шәмшат Төлепова, Алмас Алматовтардың тәлім алған.
1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық университетін бітіріп, №26 Ш.Уалиханов атындағы қазақ орта мектебінде әуез пәні мұғалімі болып еңбек етті.
1999 жылы аудандық, облыстық «жыл мұғалімі» байқауларының жүлдегері атанған.
2002 жылы облыстық «Бард авторлық орындаушылардың» конкурсының жеңімпазы. Облыстық «Наурыз шапағаты» фествалінің лауреаты.
2000 жылдан аудандық Тұрымбет жырау атындағы балалар әуез мектебінің «Жыр терме» класы бойынша еңбек етіп келеді. «Мектеп әні», «Апатайым», «Бегімсұлу», «Өміргүлім», «Әкеме», «Қимаймын», «Жүре бер жүрегімнің шуағы боп» сияқты бірнеше әндердің авторы. Қармақшы аудандық Т.Салқынбаев атындағы «Әуез» мектебінің жыр-терме класы бойынша дәріс береді. Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.