БАЛТАБАЙ БЕДЕБАЕВ

1971 жылы 2 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.

1978 жылы Ақжар ауылындағы №28 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1988 жылы бітіріп шықты. Балтабай 10 жасынан бастап домбыра ұстап, ағасы Ибраш Бедебаевтан жыр-термелерді айтуға машықтана бастайды.

1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысында жыраулық өнерімен көзге түседі.

 1986 жылы Қызылорда қаласында өткен облыстық жас ақындар айтысында «жыр-терме» жанры бойынша облыстық Алғыс хатпен марапатталды.

1987 жылы Октябрьдің 70 жылдығына орай көркемөнерпаздар арасында дәстүрлі халық шығармашылығын жақсы меңгергені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 2008 жылы жырау Т.Салқынбайұлының 140 жылдығына арналған «Атандым жас күнімнен бала жырау» атты облыстық жыршы-термешілер байқауында ынталандыру сыйлығының иегері.

2009 жылы даңғайыр жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының 150 жылдығына арналған «Алқалап келген әлеумет» атты республикалық жыршы-термешілер байқауының арнайы дипломымен мараптталған.

2007 жылдан бастап аудандық К.Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінің» жанынан ашылған «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекші қызметін атқарып келеді. 

Жыр қорында ақын-жыраулар Тұрмағамбеттің, Омар Шораяқтың, Балқы Базардың, Ә.Жұматаевтың т.б. терме-толғау, дастандары бар.