АРНҰР КӨШЕНЕЕВ
(1972-2023 жж)
1972 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Даңғайыр жыраулар Жиенбай мен Рүстембектің ұрпағы Көшенейдің кенже баласы.
1989-1992 жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясы, 1992-1995 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Әуез және мәдени ағарту» факультетінің музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1995-1997 жылдары Ақжар ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, 1997-2000 жылдары облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында маман,
2004-2006 жылдары Қармақшы аудандық мәдениет үйі жанынан ашылған «Жыраулар мектебінің» ғылыми қызметкері,
2006-2010 жылдары Қармақшы аудандық жыраулар үйі МКҚК- да директоры қызметін атқарды.
2010-2011 жылдары Қызылорда облыстық филармония директоры қызметін атқарды.
2011-2014 жылдары облыстық филармония директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2006 жылы Түркі тілдес елдердің Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінде орындаушылық өнердің үздік үлгісін танытқан Арнұр арнайы дипломмен марапатталды.
2004 жылы Алматыда қаласында өткен «Жыр керуені», 2005 жылы Астана қаласында өткен «Жыр керуені» атты концертке қатысқан.
2007 жылы ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 125 жылдығына арналған «Тау тұлға – Тұрмағамбет» атты республикалық жыраулар байқауында Бас жүлдені иеленді.
«ЭКСПО-17» көрмесіне айындаған Тұрмағамбет шайырдың «Шаһнама» аудио таспаға даусы жазылған 22 жыраудың бірі.
2019 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қармақшы аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың сәуір айында өмірден озды.