ҚЫДЫРБЕК СӘДЕНОВ
1972 жылы 4 желтоқсанда Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін 1991-1995 жылдар арасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі өнер жыр» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Университет бітіргеннен бері өзінің туған ауылында Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі филиалында «жыр-терме» сыныбын жүргізеді. Аудандық, облыстық конкурстардың лауреаты. 2015 жылы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Сыр сүлейін сұрасаң...» атты теле жобаға қатысып, облыс жұртшылығына өз өнерін көрсетті.
Жыр қорында Сыр бойы шайырларының шығармалары, әсіресе Молдахмет Дабыловтың, Т.Салқынбаевтың терме-толғаулары бар.
Бүгінгі таңда Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.