ҰРХИЯ ЖҰМАБЕКОВА

    

ҰРХИЯ  ЖҰМАБЕКОВА

 1973 жылы 24 қаңтарда Қармақшы ауданының Кекірелі елдімекенінде дүниеге келген. 1990 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің музыка факультеті жанынан ашылған «Дәстүрлі өнер-жыр».кафедрасының түлегі.

 2000 жылдан бастап аудандық Оқушылар үйінде «Жыр терме» үйірмесінің жетекшісі болып жұмысжасап келеді. Жас ұпақты өнерге баулып, республикалық «Асыл мұра» атты балалар байқауына сіңірген еңбегі үшін Алматы қаласының Білім басқармасының Алғыс хатымен, дарынды балалардың өнерін шыңдап, дәстүрлі өнерге қосқан еңбегі үшін «Бозторғай» халықаралық балалар шығармашылығы орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

2004 жылы «Жыр бұлбұлы – Ешнияз сал» атты аймақтық жыршы- термешілер байқауының І орын иегері.

2011 жылы республикалық «Асыл мұра» атты балалар  байқауына сіңірген еңбегі үшін Алматы білім басқармасының Алғыс хатымен, «Қорқыт қобызының қоңыр сазы» атты өткен жыраулық дәстүр фестивалінің дипломымен марапатталды.

2012 жылы «Шұғыла шашқан Шаһнама» атты облыстық жыршылар байқауында өнер көрсеткені үшін Қармақшы ауданының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2013 жылы дарынды балаларға көмек көрсеткені үшін халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының дипломымен, аудандық «Үздік үйірме жетекші-2013» байқауында І орынмен марапатталды.