БҮРЛІБАЕВ АМАНДЫҚ ҚУАНДЫҚҰЛЫ

БҮРЛІБАЕВ АМАНДЫҚ ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

1974 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Әкесі Қуандық Бүрлібаев - Сыр сүлейленің мұрагер ұрпағы, ерекше дауысты, дарынды жырау болған. Әке жолын қуған Амандық 1986 жылы Лениград қаласында өткен Бүкілодақтық этнографиялық фестивалге қатысып, лауреат атанды. 1987 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілодақтың халықтар творчествосы фестиваліне қатыстып лауреат атанды.Мектеп бітіргеннен кейін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Әуез және мәдени ағарту» мамандығы бойынша «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасына түсіп, арнайы мамандық иесі атанды. 1995 жылдан 2011 жыл аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап шығармашылық -ғылыми жұмыстарымен айналысқан.

Ғылыми еңбектері:

1. «Тәуелсіз Қазақстаңың жаңа әдебиеті: Даму

деңгейі және болашағы» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясында «Дәстүрлі ақындарпоэзиясындағы ұлттық тұрмыс- салт өлеңдері» тақырыбында баяндама оқып, жинаққа енді.

2. «Дәстүрлі ақындар айтыстарындағы азаматтық сарын», қазақ тілі мен әдебиеті журналы. 2010 жыл №11 саны.

3.«Дәстүрлі ақындар айтыстарының философиялық дүниетанымдық сипаты», Ақиқат ұлттық қоғамдық-саяси журналының 2010 жылғы №9 санында жарық көрді.

Жетістіктері мен марапаттары:

1. 2019 жылы тамыз айында Қармақшы ауданы,Тұрмағамбет ауылында өткен Жырау Жиенбай Дүзбенбетұлының 155 жылдығына арналған «Жыржүйрігі- Жиенбай жырау» атты облыстық жыраулар фестивалінде дипломмен,

2. 2019 жылдың қыркүйек айында Қармақшы ауданындаөткен Халықаралық «Қорқыт және Ұлы дала сазы» өнер фестивалінде Дипломмен,

3. 2019 жылдың қараша айында Әзірбайжанның Баку қаласында өткен «Мугам» фестиваліне қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасы атынан арнайы шақыртылып, Дипломмен марапатталды.

4. «Мугам» халықаралық балалар шығармашылығы байқауына шәкірттер тәрбиелеуде үлкен үлес қосқаны үшін Қармақшы ауданы әкімі М.Қалдарбековтің алғыс хатымен марапатталды.

5. 21 мамыр күні- мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Қызылорда облысының әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының алғыс хатымен марапатталды.

6. Дәстүрлі жыраулық өнерді дамытуда жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қызылорда облыстық халық шығармашылығы орталығының

Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Қызылорда қалалық Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінде үйірме жетекші, әдіскер қызметтерін атқарған.

2019 жылдың шілде айынан бастап Қармақшы аудандық көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры қызметін атқарған.

2022 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармониясы дәстүрлі орындаушыларының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Базар жыраудың 180 жылдығына орай Алматы қаласында Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония концерт залында және Омар Шораяқұлының 145 жылдығына орай Астана қаласындағы Е. Рахмадиев атындағы филармония концерт залында Сыр бойы дәстүрлі орындаушыларының «Сыр сүлейін сұрасаң…» атты концерттерін жоғары деңгейді ұйымдастырды.