ЖАДЫРА ҚОЖАТАЕВА

ЖАДЫРА ҚОЖАТАЕВА

1974 жылы 5 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Тұрмағамбет ауылында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында жүргенде «Тасберген жырау» мектебінде әкесі, жыраулық өнерді насихаттаушы Сүйінбай Ақбаевтан дәріс алды.

 1987 жылы Алматы қаласында өткен ІІ Бүкілодақтық Халық шығармашылығы фестивалінде өнер көрсетіп, аталған фестивалдің лауреаты болды..

 1989 жылы Алматы қаласында өткен республикалық әнші, термешілердің байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.

1988 жылы облыстық, аудандық жыраулар байқауының Бас жүлдесін иеленді.

1991-1995 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетін «Балалар музыка мектебінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

 Өнер мектебінде 1997 жылдан жыр-терме класы бойынша сабақ береді.

 2009 жылдан М.Қалауов атындағы өнер мектебі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Оқушылары еткен еңбегінің көрсеткіші ретінде әртүрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

2014 жылы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Сыр сүлейін сұрасаң...» бағдарламасына, жыршы-термешілердің ҮІ облыстық «Жыр керуені» телефестиваліне, 2016 жылы ҮІІІ облыстық «Жыр керуені» телефестиваліне қатысып, өнер көрсетті.