ЖӘМЕТ жырау САЙЫМҰЛЫ

1895 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылы жанындағы Ақтоған деген жерде дүниеге келген.

Әке-шешеден ерте қалған Жәмет атасы Бекеттің тәрбиесінде болған. Руы Әлім, оның Кішкенесі.

Жәмет жырау Нұртуған шайырдың туған жиені, әрі алғашқы шәкірті. Жыраудың жыр қорына Нұртуғанның «Мәулім-Нияз», «Едіге», «Орақ-Мамай», «Ақ кете Шернияз», «Қобыланды» сынды ауқымды, салалы дастандары бар. Нұртуған шайыр Жәметті ас пен жиында алқаға салып жырлатып, қалыптасып кетуін мұқият қадағалап отырады екен. Әбден төселіп, ұстазының батасын алған соң жыраулық салтанат құрып, жер-жерді шарлай бастайды. Арнайы шақырту алып Ақтөбе, Шалқар, Ырғыз, Қарақалпақ, тіпті Түркіменстанның Мары жеріне дейін барып тыңдаушысын таңдай қақтырып қайтады.

Кеңес өкіметінің талай талант пен қайраткердің қолына кісен салып, кесірі дендеп тұрған кез болатын. Сол кесір Жәметті де айналып өткен жоқ. Жөн-жосықсыз түрлі айыпты арқалап Қазалы түрмесіне бір емес тоғыз рет қамалады. Сондай мазасыз күндердің бірінде Қазалы түрмесінде Тұрмағамбет ақынды кезіктіреді. Баласы Абай ағамыз «Әкем түрмеде Тұрмағамбет ақынды көрдім деп шалдарға әңгімелерін айтып отыратын» дейді. Тұрмағамбет ақын да сол тұста Кеңес өкіметінің қудалауында жүрген болатын. Жаңа өкіметтің керағар саясатына мойынсынбаған Жәмет 1937 жылы «халық жауы» аталып, Сібірге айдалады. Сонда жүргенде 1943 жылы Калининге хат жазып, рақымшылыққа ілініп қайтадан елге оралады.

Елге келгесін 1944-1945 жылдары Нартай бригадасында Шәмшәт Төлепова, Күндебай Алдоңғаров, Балқашбай Жүсіптермен елге рухани қызмет қылады.

Жырау 1944 жылы 75 жасында дүниеден өтті.