АҚЕРКЕ ӨТЕПБЕРГЕНОВА
1975 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жырау Шамшат Төлепованың шәкірті.
1993 жылы Санкт-Петербуг қаласында өткен Лорд конференциясына қатысып, өнер көрсетті.
1999 жылы Қорқыт бабаның 1300 жылдығына орай өткізілген аймақтық жыраулар байқауының Бас жүлдегері. Сол жылы Алматы қаласында өткен «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдығына арналған фестивальге қатысты.
2001 жылы Шымкент қаласында өткен «Шалқар термесі» республикалық термешілер байқауының лауреаты. 2002 жылы Европа елдерінде өткен «Жібек жолы» өнер фестиваліне қатысып, Сыр елінің өнерін насихаттады.
Қазіргі таңда Қазалы аудандық, Сарбұлақ елдімекенінде клуб меңгеруші қызметін атқарып келеді.
«ЭКСПО-17» көрмесіне дайындаған Тұрмағамбет шайырдың «Шаһнамасын» аудио таспаға даусы жазған 22 жыраудың бірі.