МАРИЯМ КЕТЕБАЕВА

МАРИЯМ  КЕТЕБАЕВА

        1974 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келген.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Халық әні» кафедрасының түлегі. Сыр еліне белгілі Садық жыраудың немересі. Фольклорлық жыр фестивальдері мен байқауларында өнер көрсетіп жүр.

  Жыр қорында «Жыр бастау», Тұрмағамбет «Нақыл сөз», Тұрмағамбет «Тақ Сүлеймен» дастандары бар.

 2006 жылы М.Байділдаевтың 80 жылдығына арналған «Жыр күмбезі» атты жыршы-термешілер конкурсының Бас жүлдесін иеленген.