СЕРІК ЖАҚСЫҒҰЛОВ
1980 жылы 28 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетіне түсіп, оны 2001 жылы тамамдады.
1997-2002 жылдар аралығында аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық жыршы-термешілер байқауларының лауреаты.
2003 жылы республикалық «Ғасырлар үні» жыршы, жыраулар конкурсында Бас жүлдегері.
2004 жылы «Шалқар термесі» термешілердің республикалық байқауында Бас жүлде иемденді.
2006 жылы «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты республикалық жыршы, жыраулар байқауында Бас жүлдегері.
2007жылы «Тау тұлға – Тұрмағамбет» атты жыраулар байқауының І орын иегері.
2011 жылы Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Сегіз қырлы» теле бәйгесінің Бас жүлдегері атанды.
2012 жылы «Батыр баба, Бұқарбай» атты республикалық жыраулар байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатты концертке белсене қатысып, жоғары шеберлік танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» берілді.
2014 жылы Ақтөбе қаласының Ойыл ауданында өткен «Көкжарым бойы ағын жыр» тақырыбындағы республикалық жыршылар байқауының І орын иегері.
2014 жылы Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқауының ІІ орын иегері. Жүлде дипломдары Мәдениет және спорт министрі А.Мұқамедиұлының қолымен табысталды.
2015 жылы тамыз айында Қызылорда қаласында өткен жырау Жиенбай Дүзбенбетұлының 150 жылдық мерейтойында «Жыр жүйрігі – Жиенбай» атты аймақтық жыршы-жыраулар байқауының Бас жүлде иегері. Шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары. Өнер сапарымен, Венгрия Будапешт, Карцакта, Мәскеуде, Түркіменстан Ашхабатта, Әзербайжан Бакуде, Түркия Стамбулде және Қазақстанның аймақтарында концерттерге қатысты. «ЭКСПО-17» көрмесіне дайындаған Тұрмағамбет шайырдың «Шаһнама» аудио таспасына даусы жазылған 22 жыраудың бірі.
Қазіргі таңда Н.Бекежанов атындағы қызық академиялық драма театры басшысының орынбасары қызметінде.