ӘЙГЕРІМ ЕШБАЕВА
1980 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
Мектеп қабырғасында жүріп, жырға әуес болған Айгерім жырау Б.Рүстембековтен тәлім алды.
2000 жылы қалалық «Гауһар тас» термешілер байқауының ІІІ орын жүлдегері.
2002 жылы Қызылорда қаласында өткен халықаралық «Ғасырлар үні» республикалық байқауының дипломанты.
2005 жылы республикалық «Шалқар» термесі байқауының, 2005 жылы ІІІ республикалық «Ғасырлар үні» жыраулар фестивалінің дипломанты.
2006 жылы «Өнер жылы» аясында өткен ғалым, фольклор зерттеушісі Мардан Келдібайұлы Байділдаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр күмбезі» аймақтық жыршы-жыраулар конкурсында белгілі ақын, әрі жырау Шәмшат Төлепова атындағы арнайы жүлденің иегері.
2007 жылы жауынгер ақын Ә.Егізбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық «Жауынгер жүрегі» атты жас жыршы – термешілер байқауының І орын жүлдегері.
2007 жылы Қызылорда қаласында өткен «Сыр – мекенім, жыр етемін» атты жыраулар байқауының І дәрежелі дипломанты.
2007 жылы Қызылорда қаласында өткен «Елбасы Жолдауы – жырымның арқауы» атты облыс ақындарының командалық бәйгесінің дипломанты.
2007 жылы Астана қаласында тілдер комитетінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Таза мінсіз асыл сөз» атты жыршылар байқауының ІІІ орын иегері.
2008 жылы жырау Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Талайды таңырқатқан жырау едім» атты әнші-жыршылар байқауының Бас жүлдегері.
2009 жылы Дүр Оңғар Дырқайұлының 150 жылдығына арналған «Алқалап келген әлеумет» атты жыршы-термешілер фестивалінде мәдениет басқармасының арнайы дипломымен марапатталды.
2009-2010 жылдары «Қазақстан» ҰТА арнайы шақыртуымен «Сегіз қырлы» телебайқауына қатысып, Сыр өңірінің жыраулық дәстүрін асқақтатуда зор үлесін қосты. Қазақ фольклорын даралайтын, ерекшелейтін өлмес мұра жыраулық дәстүр арқылы әулие, дін басы Марал Ишанның тағылымын насихаттауда өзіндік үлес қосқан «Сыр еліндегі діни ағартушылық ой-сана» атты аймақтық жыршы-термешілер фестиваліне қатысып, арнайы Дипломмен марапатталды.
2012 жылы Шамшат Төлепованың 80 жылдығына орай «Шалқыған Шамшат жырлары» атты аймақтық жыршы- жыраулар байқауының І орын иегері.
2013 жылы халық батыры Бұқарбай Естекбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған «Батыр баба – Бұқарбай» атты республикалық батырлық дастан орындаушыларының байқауының ІІ орын иегері.
2014 жылы Ақтөбе қаласының Ойыл ауданында өткен «Көкжарым бойы ағын жыр» тақырыбындағы республикалық жыршылар байқауының ІІ орын иегері.
2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің «Мәдениет саласының үздігі» дипломымен марапатталды.
2015 жылы Қызылорда қаласында өткен жырау Жиенбай Дүзбенбетұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Жыр жүйрігі – Жиенбай» тақырыбында өткен аймақтық жыршы-жыраулар байқауының арнайы жүлдесімен марапатталды.