БОЛАТ БАЙМҰРАТОВ
1980 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылында дүниеге келген. Жастайынан ұстазы Алмас Алматовтан дәріс алып, жыр-термелерді нақышына келтіре орындай бастады.
2006 жылы фольклор зерттеуші Мардан Байділдаевтың 80 жылдығы құрметіне орай «Жыр күмбезі» атты жыршы-термешілердің облыстық байқауында ІІ орын иегері.
2007 жылы «Ән еркесі – Нартай» атты облыстық жыраулар байқауында ІІ орын иегері.
2008 жылы Тұрымбет Салқынбайұлының 140 жылдығына орай «Атандым жас күнімнен бала жырау» атты облыстық жыраулар байқауында ІІ орынды иеленді.
2008 жылы республикалық «Қыз Жібек жырына 500 жыл» жыршылар фестиваліне қатысып, дипломмен марапатталған.
2009 жылы Нұртуған Кенжеғұлұлының туғанына 120 жылдығына орай «Қанекей, тілім сөйлеші!» атты облыстық жыраулар байқауында ІІ орынға ие болды.
2009 жылы Дүр Оңғардың туғанына 150 жыл толуына орай «Алқалап келген әлеумет» жыраулар фестивалінің дипломанты.
2010 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің шығармашылығына орай өткізілген «Шұғыла шашқан – Шаһнама» жыраулар фестивалінің дипломанты.
2010 жылдың қазан айында әулие діни басшы Марал Ишанның тағлымын насихаттаудағы «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» атты аймақтық жыршы-термешілер фестивалінде мәдениет басқармасының арнайы дипломымен марапатталды.
2011 жылы Сыр сүлейі Қуандық Бүрлібаевтың 75 жылдығына орай «Сыр сүлейі – Қуандық» атты жыраулар фестивалінде дипломмен марапатталды.
2011 Базар жыраудың 170 жылдығына орай өткізілген «Жәмиғы қазақ бір туған» атты аймақтық жыраулар фестивалінде Дипломмен марапатталды.
Жыр қорында Р.Мыңжановтың «Қапиза» дастаны, Шаһнама жырының «Жәмшиттің құдаймын деп жүзінің қарайғаны», 50-60 ақын-жыраулардың терме-толғаулары бар.
«ЭКСПО-17» көрмесіне дайындаған Тұрмағамбет шайырдың «Шаһнама» аудио таспасына даусы жазылған 22 жыраудың бірі.