ӘДІЛБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ

ӘДІЛБЕК  СҮЛЕЙМЕНОВ

 

1985 жылы Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар  ауылында дүниеге келген. 

Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі муызкалық өнер» факультетінің түлегі.

2007-2008 жылдар аралығында №107 мектепте әуез пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

2008 жылдан бастап аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебінің «Жыр терме» класының оқытушысы болып қызмет атқарып келеді.

2005 жылы «Сыр сүлейі» атты Астана қаласында өткен концертке қатысты. Аудандық, аймақтық термешілер байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

2008-2011-2013 жылдары «Наурыз шапағаты» атты өнер фестиваліне қатысып, лауреат атанды.

Қызылорда телеарнасының «Сыр сүлейін сұрасаң...» атты бағдарламасына арнайы шақырту алып, қатысып қайтты.

Облыстық теледидардың «Жыр керуені» атты Сыр сүлейлерін насихаттауға арналған теле жобаға қатысқан.