ЖҰМАҒҰЛОВ ҒИБРАТ ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ

 

ЖҰМАҒҰЛОВ ҒИБРАТ ҚОРҒАНБЕКҰЛЫ

Жұмағұлов Ғибрат Қорғанбекұлы 1993 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында маусымның 13 жұлдызында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп Сәрсенбайұлы Алшынбек жыраудан ең алғаш домбыра үйреніп, жыраулық өнердің қыр-сырымен танысады. Уақыт өте Майра Сәрсенбаева жыраудан тәлім-тәрбие алып, жыраулық өнерді одан әрі шыңдай түседі. Бірнеше байқауларда топ жарып, лауреат атағына ие болды. 2009 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне Айдос Рахметов жыраудың класына қабылданады. Колледж қабырғасында жүріп көптеген жыршы-жыраулардың шығармаларымен жетік танысады. 2013 жылы Құрамнғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасына Ұлжан Байбосынова жыраудың класына қабылданып, музыкалық білімді, жыраулық өнерді шыңдауда. Тілеулес Құрманғалиев ұстазынан дәріс алуда. Жыр қорында бірнеше жыр, толғау, дастан және өзге ән мектептері бар.