ГҮЛДӘРІ ҚҰРМАНБЕКОВА

                                               ГҮЛДӘРІ ҚҰРМАНБЕКОВА

         

          1999 жылы 11 желтоқсанда Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Аудандық жыраулар үйі жанынан ашылған «Тасберген жырау» үйірмесінің түлегі..

2010 жылы Байқоңыр қаласында өткен «Менің туған өлкем» тақырыбындағы облыстық балалар байқауындаІ орын иегері.

2010 жылы Сырдың саңлақ жырауы Шамшат Төлепованың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шалқыған Шамшат жырлары» тақырыбындағы аудандық жас жыршылар байқауында Бас жүлдені иеленді.

2012 жылы ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 130 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Шұғыла шашқан – Шаһнама» атты облыстық жыр-дастан орындаушылардың байқауында жас жыршылардың блогында көпшілік көрермен қауымның көзайымына айналды.