ЖҰЛДЫЗАЙ ТҰРЛЫҒҰЛОВА
2000 жылы 25 тамызда Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. №28 қазақ орта мектебінде білімалып, аудандық жыраулар үйі жанынан ашылған «Рүстембек жырау» үйірмесінде дәріс алды. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
2010 жылдың қорытындысымен «Жылдың үздік жас жыршысы» болып таңдалып, ауыл әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Жыр қорында База жырау, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Рүстембек, Жиенбай Мұзарап тағы басқа ақын-жыраулардың терме- толғаулары бар.