ТОҒЖАН БАҚЫТОВА
2001 жылы 19 тамыз айында Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Жас болса да бағындырған белесі мол. Бидас Рүстембеков, Ұрхия Жұмабекова, Ұлжан Байбосынова, Аққалқа Арыстанқызы секілді ұстаздардан тәлім алған. Таудай талап пен ынта-жігердің арқасында 10 жылдан астам уақытын жырмен байланыстырып келе жатқан Тоғжан аймақтық, облыстық, республикалық сахналардан бөлек, халықаралық фестивальдерде топ жарған. 12 жасында Әзербайжан Республикасы, Баку қаласында өткен халықаралық «Mugam» конкурсында ІІ орынды жеңіп алса, «Айгөлек» телевизиялық балалар шығармашылық байқауында І орын, 2014 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Алтын Құлын» конкурсында «Қыз Жібек» жырын жырлап, І орын иегері атанды. 2015 жылы «Дарын» халықаралық байқауында бас жүлде иеленіп, осы жылы «Үйреніп, өсіп келемін, Сырдың сұлу мақамын» атты жеке шығармашылық концертін өткізген.
17 жасында Ташкент қаласында өткен халықаралық «Iste’dod» конкурсынан ІІ орын иеленген. Мұнан бөлек те жеткен жетістіктер, шыққан белестер легі жетерлік. Талапты Тоғжан телевизиялық танымал жыр-терме бағдарламаларында өнер көрсетіп, тыңдаушының ықыласына бөленіп келеді.
2013 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен Түркі тілдес-тектес мемлекеттердің қатысуымен өткен /Иран, Ирак, Араб, Мысыр, Сирия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия/ Ү Халықаралық «Мугам» айтушылардың фестиваліне Қазақстан мемлекеті атынан қатысып, жүлделі І орын иеленді.
2016-2020 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде білім алса, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3 курс студенті.