МАЛИКА АЛДАМЖАРОВА

МАЛИКА АЛДАМЖАРОВА

2001 жылы 13 шілдеде Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

Өнер жолын 4 сыныпта домбыра үйірмесіне қатысып, 13 жасында жыр айтудан бастаған. Қармақшыдағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің шәкірті.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Маликаға «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының аға оқытушысы Руслан Ахметов жетекшілік жасаған. «Көшеней жырау» үйірмесінде ұстазы Әйгерім Ешбаевадан тәлім алған. 2016 жылы Баку қаласындағы VII Халықаралық «Мугам» конкурс-фестивалінің лауреаты.   Қазіргі таңда Анкара қаласындағы Хажы Байрам Вели атындағы мемлекеттік университеттің магистранты.