ЖАРЫЛҒАП ҚОСҚҰЛАҚҰЛЫ
(1860-1925 жж.)
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы қазіргі Мәдениет кеңшарында дүниеге келген. Ата-тегі Кіші жүз Шөмекей руының Сарыбай аталығы. Ол жасында Кердары Әбубәкір Боранқұлұлынан (1858-1912 жж.) үлгі алған. Жасынан көнеше оқып, толық-сауатты, дүр шайырдың бірі болған. Оның шығармалары хикая, дастан, терме, толғау, мақтау, сынау түрінде кезінде көпшілікке кеңінен таралған. Жарылғап жиын, той, мәжілістерге арнайы шақырылып жырлайтын, асқақ әнші домбырашы көрнекті жырау.
Жарылғаптың, «Қос байбатша» хикаясының соңғы нұсқасы (812 жол) өте құмартып тыңдарлықтай.