МЫРЗАҒАЛИ АҚЖОЛОВ
(1919-1989 жж.)
Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында туып, Жалағаш кентінде қайтыс болды. Сыр ақын-жырауларының сазды жырларымен жастайынан сусындап өскен Мырзағали Ақжолов өзі де өлең шығарып, қиссаларды жырлайды. Келе-келе жыр жолына түсті. Соғыстан аяғынан жараланып елге оралады.
1945 жылдан Жалағаш кентінде тұрған. «Арғы бабасы атақты Балқы Базардың ақын-жыраулық өнері қонған болар...» деп отыратын оны білетіндер.
Мырзағали Ақжоловты әсіресе Бұхара, Науаи облыстарының жыр сүйер қауымы өте жақсы біледі. Ол 1970 жылдан бастап айтыс өнеріне ден қояды. Бүгінде оның даусы ел ішінде, ұлттық академияда таспаға жазылып алынған.