ҚУАНЫШ АСЫЛБАЕВ

ҚУАНЫШ АСЫЛБАЕВ

          1920 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Мәдениет ауылында туған. Соғыс жылдарында бірнеше өлеңдер жарияланған. Оның 1945 жылы Орынкүл Ержановамен айтысы Жалағаштағы қариялар аузынан жиі естіледі. Кейін отбасы жағдайымен Өзбекстан Республикасының Самарқанд облысы, Нұрата ауданының Қызылша ауданында тұрған. Ақынның жыраулық өнері Өзбекстанда қазақ аудандарындағы жұртшылыққа кеңінен танымал.

          Қуаныш Асылбаевтың «Данышпан дана», «Әлем шамшырағы», «Керенаулық кесірі» атты сатиралық өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланған. Ақынның «Гүлсара» атты көлемді дастаны (2000 жолдық) баспа бетінде жарияланбаған.