БАЙНИЯЗ ЖЕЛДЕРБАЕВ
(1923-1997 жж.)
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында туып, Қызылорда қаласында қайтыс болады. Байнияз Желдербаев аздап өлең шығарумен қатар, қисса-дастандарды жырға қосқан. Ол Балқы Базардың, Тұрмағамбеттің, Шораяқтың Омарының терме-дастандарын, «Көрұғлы», «Киіктің зары» атты хикаяларды жырлады. Желдербаевтың дауысы грампластинкаға жазылған. (Ол Қазақ Республикасы фольклорлық Академиясының қорында).
Байнияз Желдербаев турасында Жалағаш аудандық, Қызылорда облыстық газеттерде бірнеше мақалалар жарияланды. Өзіндік мақаммен жырлайтын. Сыр халқына кең тараған «Ұры қарға», «Көрұғлы», «Дариха қыз» дастандарын жырлаған. Сонымен қатар өлеңдер де жазған.
Әбділдә Жүргенбаевті ұстаз тұтады. Көп жыл Жалағаш ауданының «Жаңаталап», «Аққыр» шаруашылықтарында мал дәрігері, шопан болып жұмыстар атқарды.
Ол турасында жергілікті басылымдарда және Ә.Қоңыратбаев, К.Сейдахметовтардың мақалаларында айтылады.
Бірнеше рет аудандық, облыстық кеңестің депутаты болып сайланған. Аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, жүлде алған жырау. Жыраудың Жалағаш аудандық «Жаңадария» газетінің 1978 жылғы 5 қазандағы санында жоғалып кеткен жас баланы іздеу оқиғасын «Үш күн үміт үзбедік» атты өлеңін шығарған.