ТҰРАҚ БАЙБОЛОВ

ТҰРАҚ БАЙБОЛОВ

(1928-1994 жж.)

 

          Бұрынғы Жамбыл колхозы, №1 май ауылдық кеңесінде дүниеге келген.

          1948-1952 жылдар арасында №1 май орта мектебінде мұғалім қызметін атқарды.1952-1953 оқу жылында Жаңаталап ауылында, 1956-1961 оқу жылында Коммунизм колхозындағы Актив орта мектебінде, 1961-1963 оқу жылында Жаңадария совхозының қарамағындағы «Аққолқа» ферма орталығындағы сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды.

          1965-1971 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың, қазақ тілі және әдебиеті факультетінің, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1993 жылға дейін мамандығы бойынша №32, №1 май орта мектебінде жұмыс жасап, құрметті еңбек демалысына шықты. Оқытушылық қызметтері үшін Қазақ ССР-ы оқу министрлігінің жас өспірімдерге білім мен коммунистік тәрбие берудегі табыстары үшін құрмет грамотасымен (1990 ж.), Қазақстан «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен наградталды.

          1994 жылы 29 қарашада өзінің туған жерінде қайтыс болған.

          Домбыра аспабын толық меңгерген Дәулеткерей, Құрманғазы, Арғынғазы, Динаралардың күйлерін шебер орындайтын. Ескі Мұңлық-Зарлық, Алпамыс, Сабит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасын, Иса Байзақовтың «Құралай» дастанын таңды-таңға ұрып айтатын кәтекі жырау еді. Сыр шайырлары Тұрмағамбет, Омар, Қарасақал Ерімбет, Даңмұрын, Жұмырбай жыраулардың шығармаларын орындаған.

Қазір ел арасында бірлі-жарым сағат қана магниттік таспаға жызылған дауысы қалды.