БЕКБОЛАТ ОЙСАЕВ

БЕКБОЛАТ ОЙСАЕВ

(1932-1978 жж.)

 

          Құлманұлы Бекболат қазіргі Жалағаш ауданының  Жаңадария ауылында туған.

1949-1952 жылдарда Польшада әскери борышын өтеген.

1952-1954 жылдары Тереңөзек аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет істеген.

1954 жылдан үзіліссіз Тереңөзек (қазіргі Сырдария ауданының) аудандық мәдениет бөлімінде ширек ғасыр автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Ол Сыр бойы әндері мен жырларын насихаттаушы, орындаушы, жинаушы қызметін де атқарған. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ғалым, фольклортанушы М. Байділдаев жырау Б.Ойсаевтан үш ән жазып алып, оны институт қорына тапсырған. Б.Ойсаев 1974-1976 жылдары №15 жылжымалы механикаландырылған колонна кинотеатрының директоры, 1976-1978 жылдары аудандық кәсіптік-техникалық училищеде қызмет етті.

1978 жылы туған жеріне көшіп барды. Осы жылдың 17 тамызында туған ауылы Жаңадарияда қайтыс болды. Бүгінде ұрпақтары Жалағаш, Тереңөзек кенттерінде, Алматы қаласында тұрады.