ҚҰЛАМАН ДҮЗЕЛБАЙҰЛЫ

Сыр бойы Сырдарияның төменгі ағысындағы  Кете-Шөмекей руларына кең де, көп тараған «Тасбергеннің маңырамасы» деген атпен белгілі болған мақамның авторы Тасберген жыраудың әкесі Құламан жырау Дүзелбайұлы шамамен 1840 жылдар шамасында Қуаңдария болыстығының Ақтайлақ-Кезең аймағында дүниеге келген. Сол кездегі өнер өкілдері Ешнияз сал Жөнелдік ұлы, Аққұлы Шымырбайлармен қатар өмір сүрген өнер өкілі. Замандас шайырлар мен әншілер ортасында өскен Құламан солардың шығармаларын елге таратып, насихаттауға үлкен үлес қосқан өнерпаз. Өзінің жалғыз ұлы Тасбергеннің жырау болып қалыптасуына көп септігін тигізген. Тасберген атақты дін тақырыбына жазылған ахун Сайыпназар Өтенұлының (1810-1873 жж.) Cыр бойына кезінде кең тараған «Мұхаммед-Ханафия» дастаны сол Құламан жыраудың өз аузынан жаттаған. Кейін сол дастан Сыр бойына Тасберген жыраудың орындауында бізге жетті. Құламан Дүзелбайұлы 1910-1915 жылдар шамасында өз туған жерінде дүние салған.