ЖАДЫРАСЫН ТАСБЕРГЕНОВ
(1935-2010 жж.)
Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келген.
1958 жылы Қызылорда ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.
1958-80 жылдар аралығында бұрынғы Жалағаш совхозында (қазіргі Қаракеткен ауылы) механик, бас инженер, 1980-1985 жылдары совхоз директорының орынбасары, 1985-94 жылдары совхозда диспетчер бөлімін басқарған.
1994 жылы зейнет демалысына шыққан. Аудандық, облыстық көркемөнерпаздар үйірмесінде өнер көрсеткен.
1993 жылы Бұқарбай батырдың 180 жылдығына арналған мерейтойда жыршы-термешілер байқауының дипломанты.
1959-1994 жылдар аралығында ауыл көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болған. Кең тынысты жырау отбасында 6 бала ( 3 ұл, 3 қыз) тәрбиелеп өсірген, 8 немересі бар. Қаракеткен ауылының «Құрметті азаматы». Жырау Жадырасын 2010 жылдың 14-қыркүйегінде қайтыс болды.