БАЙДІЛДА СӘРСЕНОВ
1939 жылы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында туған.
Білімі жоғары, мамандығы зоотехник, мұғалім. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, аудандық, облыстық бірнеше рет әр түрлі салалар бойынша мақтау грамоталарымен марапатталған. Қазір зейнеткер, отбасында 6 бала, 13 немере тәрбиелеп отыр. Аққұм ауылында тұрады.
Жыр қорында Т. Ізтілеуовтің «Төрт дос», Иса Байзақовтың «Аттың сыны» термесі, Сейіл Боранбаевтың «Нақыл сөзі» термесі, Әбілдә Жүргенбаевтың мақамымен «Ләйлә Мәжнүн» дастаны, «Ғайни қыз» поэмасы бар.